Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының PhD, аға ғылыми қызметкері Есенбекова Арайлым Есенбекқызының «Қант деңгейі төмендегенімен, қауіп сейілмейді» атты сұхбаты республикалық «Ана тілі» газетінде жарық көрді. — ҚазҰУ

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының PhD, аға ғылыми қызметкері Есенбекова Арайлым Есенбекқызының «Қант деңгейі төмендегенімен, қауіп сейілмейді» атты сұхбаты республикалық «Ана тілі» газетінде жарық көрді.

30 шілде 2026

Сұхбат барысында Арайлым Есенбекқызы қандағы глюкоза деңгейін тұрақты бақылаудың маңыздылығы, қант диабетінің алдын алу жолдары, аурудың асқыну қаупі және денсаулықты сақтаудағы салауатты өмір салтының рөлі туралы жан-жақты әңгімеледі. Ғылыми деректерге сүйене отырып, ол қандағы қант деңгейі қалыпты көрсеткішке жеткеннің өзінде пациенттердің тұрақты медициналық бақылауда болып, дәрігердің емдеу жөніндегі ұсынымдарын бұлжытпай орындауы қажет екенін атап өтті.

Аталған жарияланым ғылым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың денсаулық туралы сауаттылығын арттыруға және ғылыми білімді кеңінен насихаттауға қосылған маңызды үлес болып табылады.

Есенбекова Арайлым Есенбекқызын республикалық басылымда жарық көрген сұхбатымен шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметіне толағай табыстар тілейміз!

Мақаланың толық сілтемесі: https://anatili.kazgazeta.kz/news/65554