"Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде Археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды — ҚазҰУ

"Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде Археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды

19 наурыз 2021
"Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде Археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің сапар орталығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды.

Кафедра филиалының ашылу салтанатына факультет деканы Ноғайбаева М.С., Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Р.С., т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б., т.ғ.к., доцент м.а. Тұрғынбаев Е.М., т.ғ.к., профессор Қартаева Т.Е., аға оқытушы Бейсегулова А.Қ. қатысты.