Білім беру бағдарламаларына Конкурс — ҚазҰУ

Білім беру бағдарламаларына Конкурс

22 қазан 2021
Білім беру бағдарламаларына Конкурс

Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Валенсия университетімен (Испания)  «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» Erasmus+ жобасы аясында  2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үшін байқау жарияланғанын хабарлайды!

Валенсия университеті бакалавриат студенттеріне келесі бағыттар бойынша білім беру пәндерін ұсынады:


 • Биология

• Химия

• Математика

• Инженерия

• Физика

• География

• Бизнес басқару

• Экономика

• Құқық тану

• Криминология

• Политология

• Қаржы

• Медицина

• Фармацевтика

• Педагогика

• Әлеуметтану

• Филология

• Тарих

• Философия

• Психология

• Логопедия

• Мектепке дейінгі білім беру

• Бастауыш сыныптарға білім беру

• Туризм 


Конкурсқа өтініш беру үшін құжаттар тізімі:

1. Фотосурет

2. Төлқұжат

3. Транскрипт

4. Ағылшын/түрік тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (В2 деңгейінен төмен болмауы тиіс)

5. Мотивациялық хатӨтінім берудің соңғы мерзімі:29.10.2021

Бағдарлама бойынша қосымша мәлімет алу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз: https://www.uv.es/uvweb/college/en/international-relations/international-relations/international-program/incoming/general-information-1285847261729.html

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз: Ректорат, 12 қабат, 1204 кабинеті, тел: +7 (727) 3773333 (1167)