Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесу — ҚазҰУ

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесу

28 қараша 2022
Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен кездесу

 

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Қартабаева Е.Т. Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (физика-математика бағыты) оқушыларына «Орталық Азиядағы ислам» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушылармен тығыз байланыс орнатылды, оқушылар дәріске ерекше қызығушылық танытты, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.