Зерттеу университетінің ұжымы ҚазҰУ-да қонақта — ҚазҰУ

Зерттеу университетінің ұжымы ҚазҰУ-да қонақта

20 сәуір 2012
Зерттеу университетінің ұжымы  ҚазҰУ-да қонақта

Сәуір айының 24 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде МИСИС ұлттық зерттеу технологиялық университеті ұжымымен кездесу өтеді. Кездесу мақсаты ғылыми ынтымақтастықты одfн ары дамытып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті аясында Нанотехнология бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру.


Делегация құрамына ҰЗТУ МИСИС-тың беделді ғалымдары, кафедра меңгерушілері болады.

Ғалымдармен болатын кездесуге ҚазҰУ-дың оқытушы-профессор құрамын, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді шақырамыз.

ҚазҰУ, ШЫҰУ оқу орталығы