Конференцияда діни білім беру мәселесі қаралады
15 сәуір 2014
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 18 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған, «Қазіргі Қазақстандағы діни білім-беру жүйесі: жағдайы және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы барысында діни және дінтанулық білім – беру жүйесінің мәні және өзгешелігі: жалпы және ерекшелігі, діни және дінтанулық білім – беру жүйесі: шетелдік тәжрибе, дінтанулық білім – беру жүйесінің конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайтудағы мәні, квалификациясы жоғары дінтанушы мамандарды қайта даярлау және дайындау мәселесі сияқты негізгі бағыттары қаралады.
Қосымша ақпарат төменде көрсетілген
Басқа жаңалықтар
10 тамыз 2026