ҚазҰУ ректоры Орталық Азия білім форумына қатысады — ҚазҰУ

ҚазҰУ ректоры Орталық Азия білім форумына қатысады

8 тамыз 2023

ҚазҰУ ректоры Орталық Азия білім форумына қатысады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) өтетін «Орталық Азия жоғары білім берудің келесі орталығы ретінде» атты халықаралық конференциясына қатысады.

Өзбекстан астанасындағы ауқымды іс-шараға мемлекет қайраткерлері, университет ректорлары, Орталық Азия елдерінің жоғары білім беру саласындағы көрнекті ғалымдары мен танымал сарапшылары жиналады. Форумға қатысушылар отырыс және панельдік секциялар аясында  Орталық Азия елдерінде жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.