«Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты ғылыми конференция өтеді — ҚазҰУ

«Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты ғылыми конференция өтеді

10 тамыз 2023

«Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты ғылыми конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 2023 жылдың 10 тамызында өтетін «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты төртінші халықаралық ғылыми (оффлайн-онлайн) конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияға қазақстандық әдебиеттанушылар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастыру. Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

- Абайдың шығармашылық тұлғасы және тағылымы;

- Абайдың шығармашылық мұрасының ерекшелігі;

- Абай ілімінің негізгі ұстанымдарын саралау;

- Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы.

Конференция 2023 жылдың 10 тамызында сағат 15.00-де Әл-Фараби кітапханасының 409-залында басталады. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.

Байланыс телефондары:  87012701868 (Ләйла Жұматайқызы); 8747 896 74 79 (Бибігүл Дәулетқызы);

Материалдар 2023 жылдың 9 тамызына дейін қабылданады. Мақалаларды мына электронды мекенжайға жіберу қажет:  Abaigzikonf@mail.ru. Конференция материалдарын электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа халықаралық стандарттық нөмір (ISBN) беріледі.