Энергетикалық сусындардың жастардың денсаулығына зияны — ҚазҰУ

Энергетикалық сусындардың жастардың денсаулығына зияны

12 қазан 2023
Энергетикалық сусындардың жастардың денсаулығына зияны

«Тұрақты даму» бағыты бойынша «Денсаулық пен әл-ауқат» мақсатының аясында оқытушы Қожабек Ляйла әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық факультетінің «Жалпы медицина» мамандығында оқитын 4-курс студенттеріне «Энергетикалық сусындардың жастардың денсаулығына зияны» тақырыбында 2023 жылдың  7-қазанында баяндама жасады. Бұл тақырып бүгінде өте өзекті болып отыр. Студенттер осы өнімнің клиникалық көріністері мен жанама әсерлерін өте қызу талқылады.