- Басты бет
- Хабарландыру
- ҚазҰУ делегациясы Үрімжіде Қазақстан мен Қытай университеттерінің халықаралық ғылыми симпозиумына қатысады
ҚазҰУ делегациясы Үрімжіде Қазақстан мен Қытай университеттерінің халықаралық ғылыми симпозиумына қатысады
26 қаңтар 2024
ҚазҰУ ғалымдарының Қытайдың Үрімжі қаласына (ШҰАР) жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Қытай университеттерінің халықаралық ғылыми симпозиумы өтеді.
Халықарылық жиынға ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚазҰУ-дың 30-ға жуық оқытушы-ғалымдары қатысады.
Симпозум жұмысында екі жақты тәжірибе алмасу, ҚазҰУ-дың ғылыми жобаларын коммерцияландыру мәселелері, білім-ғылым саласындағы ортақ мақсаттар мен ынтымақтастық бағыттары талқыланады.