«Қыз қуу» атты ат жарысы: Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау» — ҚазҰУ

«Қыз қуу» атты ат жарысы: Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау»

17 наурыз 2025
«Қыз қуу» атты ат жарысы: Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау»

Құқық қорғау бағдарламасының 3 курс студенттері ептілікті, батылдықты және шабандоздықты бейнелейтін көне ойын – «Қыз қуу» атты дәстүрлі ат жарысына қатысты. Шара барысында студенттер қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрін ұстанып, өнерлері мен төзімділіктерін көрсетті. Бұл шара қатысушылардың физикалық дайындығын шыңдап қана қоймай, Қазақстанның мәдени мұрасын жақсырақ түсінуге көмектесті. Студенттер «Қыз қууға» қатыса отырып, жастар арасында халықтық әдет-ғұрыптарды сақтауға және насихаттауға үлес қосты.