ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері қатысты — ҚазҰУ

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері қатысты

19 мамыр 2025
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия отырысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  ЮНЕСКО кафедраларының меңгерушілері қатысты

2025 жылғы 16 мамыр күні Алматы қаласындағы UN Plaza ғимаратында Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин төрағалық етті. Күн тәртібінде мәдени және табиғи мұраларды сақтау, ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Аталған маңызды жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Базарбаева Тұрсынкүл Аманкельдиевна және Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, доцент Ошанова Орынтай Жанабаевна қатысты.

ҚазҰУ-дың ғылыми өкілдерінің қатысуы тұрақты даму және жаһандық экологиялық, мәдени, білім беру мәселелеріндегі университеттің белсенді ұстанымын және халықаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылысын тағы бір мәрте көрсетті.