Ходжаев Ромазан Ахмеджанович — ҚазҰУ

Ходжаев Ромазан Ахмеджанович

25 маусым 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бірлескен диссертациялық кеңесінде «8D05308 – Ядролық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ходжаев Ромазан Ахмеджановичтің «Төмен энергиялардағы жеңіл зарядталған бөлшектермен 10,11B ядроларының әрекеттесуіндегі құрылымдық сипаттамалары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс.

Ресми рецензенттер:

1. Темербаев Азамат Алиевич – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан).

2. Наурузбаев Досбол Кабдрашиевич – ф.-м.ғ.к., Nazarbayev University Research Administration аға ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан). 

Ғылыми жетекшілер:

  1. Насурлла Маулен - PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), Ядролық физика институты (Алматы қ., Қазақстан).

  2. Сакута Станислав Борисович – ф.-м.ғ.д., профессор, «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының ядролық реакциялар зертханасының бастығы (Мәскеу қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Узиков Юрий Николаевич – ф.-м.ғ.д., Біріккен ядролық зерттеулер институтының В.П. Джелепов атындағы ядролық мәселелер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Дубна қ., Ресей).

2. Лебедев Игорь Александрович – ф.-м.ғ.д., «Физика-техникалық институты» ЖШС ядролық физика және радиациялық экология зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

3. Ткаченко Алеся Сергеевна – PhD, META University ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылы 25 маусымда сағат 15:00-де «6D060500, 8D05308-Ядролық физика» мамандығы / білім беру бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бірлескен диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050032, Алматы қ., Ибрагимов к-сі, 1, №10 ғимарат, Әкімшілік корпус, Ақпараттық орталығы, 25 кабинет.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/99410018172?pwd=qo8vXVWCYxhtzVziNU6hddXSuPTkqG.1  

Идентификатор: 994 1001 8172

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы.pdf

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық