Әпсімет Нұрдәулет Мұхамедиярұлы — ҚазҰУ

Әпсімет Нұрдәулет Мұхамедиярұлы

4 қыркүйек 2026

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04203 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Әпсімет Нұрдәулет Мұхамедиярұлының «Онлайн алаяқтық қылмыстарын сотқа дейінгі тергеу: қазіргі заманғы мәселелер» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, «Narxoz» университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

  2. Қамбаров Азамат Қамбарұлы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Алимкулов Ербол Темирханович – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының профессор м.а. (Алматы қ., Қазақстан);

  2. Пол Гилмор (Paul Gilmour) – философия докторы (PhD), Портсмут университеті, Криминология және қылмыстық әділет мектебінің экономикалық қылмыс саласының аға оқытушысы (Портсмут қ., Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тілешалиев Нұрлан Дәулетқұлұлы – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысы (Алматы қ., Қазақстан);

  2. Каражанов Малик Дулатович – философия докторы (PhD), Alikhan Bokeikhan University қауымдастырылған профессоры (Cемей қ., Қазақстан);

  3. Гулямов Саид Саидахрарович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік заң университеті киберқұқық кафедрасының меңгерушісі (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау 2026 жылдың 4 қыркүйек күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) келесі мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, №300 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/99478511042?pwd=4A5ltjbbuUjKJyjtbAcRXDn4GdJgbT.1

Конференция идентификаторы: 994 7851 1042

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы