Мартин Элихаки Каньика — ҚазҰУ

Мартин Элихаки Каньика

26 маусым 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03206 – Кітапхананың ақпараттық жүйелері»  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мартин Элихаки Каньиканың “Students’ perception of digital library services: on the case of Al-Farabi KazNU” тақырыбы  бойынша диссертациялық жұмысы  қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – мақалалар сериясы.

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Тыныбаева Мадина Аглановна – білім беру саласындағы философия докторы (PhD), JAS Ventures Middle East. (Астана қ., Қазақстан).
  2. Байгожина Гульнар Муратовна – тарих мамандығынан философия докторы (PhD), Ректор аппаратының басшысы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. (Қарағанды қ., Қазақстан). Мамандығы – 6D020300 – Тарих.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Садықова Райхан Оңалбайқызы – тарих мамандығынан философия докторы (Ph.D), доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. (Алматы қ., Қазақстан).

2. Юнги Ким – философия докторы (Ph.D), Кеймюнг университетінің кітапхана және ақпараттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры. (Тэгу қ., Оңтүстік Корея).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Пұсырманов Нұрбек Серікұлы – философия докторы (PhD), Мемлекет тарихы институтының директоры (Астана қ., Қазақстан).
  2. Имярова Зульфия  Сулеймановна – экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, Нархоз университеті. (Алматы қ., Қазақстан).
  3. Лан Тхи Нгуен – кітапхана ісіндегі философия докторы (PhD), Хон Каен университеті, (Хон Каен қ., Таиланд).

Қорғау 2025 жылдың 26 маусымда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “8D02206, 6D020300 – Тарих, 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология, 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер, 8D03205-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету” мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:          

https://zoom.us/j/93869957823?pwd=Zy6C88CxIvRwacSvi24g17JvTr2TeM.1

Идентификатор: 938 6995 7823

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық