Жас ғалымдар кеңесі
asdad
Басты бет
Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдар кеңесінің бетіне қош келдіңіз.
asddКеңес туралы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Жас ғалымдар кеңісінің
2025 – 2026 оқу жылындағы
ҚҰРАМЫ
№ | Факультет / ҒЗИ | Аты-жөні |
1 | Кеңес төрағасы | Айтжан Меңтай Улдаханқызы |
2 | Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті | Кәрібаева Айдана Сейілғазықызы |
3 | Биология және биотехнология факультеті | Сыдыкбекова Райхан Конаевна |
4 | География және табиғатты пайдалану факультеті | Төкенова Жанерке Жеңісбекқызы |
5 | Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті | Тұрдәлі Талғат |
6 | Журналистика факультеті | Нұраш Айдана Амангельдықызы |
7 | Заң факультеті | Дүзбаева Салтанат Бекболатқызы |
8 | Медицина және денсаулық сақтау факультеті | Конысбаева Асем Канатовна |
9 | Механика-математика факультеті | Буканай Нурайым Ұланқызы |
10 | Тарих факультеті | Қабдолдина Керім Қуанышқызы |
11 | Физика-техникалық факультеті | Абдраманова Гулбану Бауржанқызы |
12 | Филология факультеті | Кенжеқанова Құралай Кенжеқанқызы |
13 | Философия және саясаттану факультеті | Айтенова Альфия Аманжоловна |
14 | Халықаралық қатынастар факультеті | Малтабаров Арсен Аскарұлы |
15 | Химия және химиялық технология факультеті | Бекисанова Жанар Болатовна |
16 | Шығыстану факультеті | Нурсеитова Лайла Дюсенгалиевна |
17 | Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті | Қасымов Жандар Бекұлы |
18 | Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана | Жумадилов Рахымжан Ерболсынұлы |
19 | Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ | Шарахметов Саят Ермуханбетович |
20 | Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ҒЗИ | Сырғабек Ерқанат Арқынұлы |
21 | «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы» ҒЗИ | Сейтимова Гульназ Абсаттаровна |
22 | Математика және механика ҒЗИ | Шайзат Медет Жанболатұлы |
23 | Экологиялық тұрақтылық және биоресурстар ҒЗИ | Мәлік Ажар Мәлікқызы |
24 | Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ | Қаласов Нұрдәулет Болатұлы |
Қызмет және жобалар
Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының тапсырмасы бойынша құрылған және қоғамдық бірлестік болып табылады. Кеңес қызметі ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке қатысу арқылы ҚазҰУ жас ғалымдарының шығармашылық ғылыми белсенділігіне жәрдемдесуге және дамытуға бағытталған.
ҚазҰУ-дағы жас ғалымдар кеңесінің жұмысы ЖҒК-нің бекітілген жұмыс жоспары бойынша жүргізілуде, оның шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді:
Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері эдвайзерлердің функцияларын орындайды, СҒЗЖ басшылары болып табылады, олардың басшылығымен студенттердің жыл сайынғы ғылыми студенттік республикалық және халықаралық конференцияларға баяндамаларын дайындау жүргізіледі. Жас ғалымдар университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысады. ЖҒК мүшелері университет департаменттерінің бөлім бастықтары ретінде әкімшілік жұмысқа тартылады.
ЖҒК қызметінің мақсаты жас ғалымдардың кәсіби өсуін жандандыру, өзекті ғылыми проблемаларды әзірлеу және басым ғылыми міндеттерді шешу үшін олардың күш-жігерін біріктіру, жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту болып табылады.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ЖҒК мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- ҚазҰУ факультеттерінің ЖҒК қызметін үйлестіреді. Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруда, Жас ғалымдардың конференцияларын, ғылыми іссапарларын ұйымдастыруда қажетті көмек көрсетуді жоспарлап отыр;
- жас ғалымдар қатыса алатын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
- қазіргі ғылымның өзекті және іс жүзінде маңызды міндеттерін шешуге бағытталған. Жас ғалымдардың күштерімен пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға ықпал етеді;
- Қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы жас ғалымдарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- жас ғалымдардың инновациялық қызметін қолдайды және ынталандырады, жас ғалымдардың жобалары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен ұсыныстарға қатысты қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- ҚазҰУ университетінің НСО-мен бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады;
- ҰБО-мен бірлесіп ҚазҰУ жоспары бойынша университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізеді;
- қойылған мақсаттарға сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Мүмкіндіктер
Университетке тәуелсіз зерттеушілер тобы тарапынан жас ғалымдардың кәсіби дамуына қатысты ақпарат келіп түсті.
Жоғары рейтингті халықаралық журналдарда (Scopus Q1–Q2) жарияланымдар сериясын дайындау жобасы аясында зерттеу ассистенті позициясына қабылдау жүргізілуде. Міндеттері – Scopus және Web of Science дерекқорларымен техникалық және аналитикалық жұмыс. Еңбекақы – келісімді, бонус жүйесі қарастырылған.
Қатысуға келесі талаптарға сай магистранттар мен докторанттар (PhD) шақырылады:
• Scopus/WoS базаларымен жұмыс тәжірибесі;
• ағылшын тілі деңгейі кемінде B2;
• Mendeley, Zotero, Paperpal бағдарламаларын меңгеру.
Қатысушылар келесі бағыттар бойынша тәжірибе алады:
• халықаралық рәсімдеу стандарттарымен жұмыс (OSCOLA, APA, Vancouver);
• жетекші халықаралық баспалардың редакцияларымен өзара әрекеттесу (Elsevier, Springer, Wiley, Oxford Press Journals, Oxford Press Legal Journal);
• академиялық жазу құралдарын терең меңгеру.
Негізгі міндеттері: қолжазбаларды техникалық тексеру, библиографиямен жұмыс, ғылыми-метрикалық дерекқорларда индексацияны бақылау.
Қызығушылық танытқандар түйіндемесін немесе қысқаша портфолиосын келесі электрондық поштаға жібере алады:
📧 doitlight16@gmail.com
📱 WhatsApp: +7 777 588 0981
Халықаралық қатынастар факультетінің студенттерін ғылыми үйірмеге шақырамыз
Факультеттің Жас ғалымдар кеңесі студенттерді «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ)» бағыты бойынша ғылыми үйірмеге қабылдайды.
Үйірме студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, университетішілік және республикалық СҒЗЖ байқауына дайындауға, сондай-ақ ғылыми жұмыстың құрылымы мен талаптарымен таныстыруға бағытталған.
Талаптар:
– ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық;
– аннотация, ғылыми жоба және презентация дайындауға дайын болу;
– СҒЗЖ ережелерінде көрсетілген мерзімдер мен талаптарды сақтау.
Сабақ форматы:
– офлайн/онлайн кездесулер (жоспар бойынша);
– ғылыми жұмыс дайындау бойынша тренингтер;
– зерттеудің құрылымы мен рәсімдеу ережелері бойынша консультациялар;
– СҒЗЖ-дың үздік үлгілерін және бағалау критерийлерін талдау.
Байланыс:
331-аудитория
Тел.: 8 747 104 3092
Серіктестер
Университеттер, қорлар, компаниялар, ұйымдар логотиптер мен сипаттамалармен.
Серіктестер туралы ақпарат жақын арада қосылады.
Байланыс
Мекенжай: Проспект аль-Фараби, 71
E-mail: info@farabi.university
Телефон: +7 727 377 33 33