ҚХР-дың Аньян технологиялық институты делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейіне сапары — KazNU

ҚХР-дың Аньян технологиялық институты делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейіне сапары

15 December 2025
ҚХР-дың Аньян технологиялық институты делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейіне сапары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейімен
Қытай Халық Республикасындағы Аньян технологиялық институтының делегациясы танысты.

Қонақтар музей экспозициясымен танысып, университеттің тарихы мен ғылыми мұрасы туралы мағлұмат алды. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы мәдени орталықтардың әлемнің әр еліндегі қызметі, олардың халықаралық мәдени-ғылыми байланыстарды дамытудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ делегация өкілдері университеттің шетелдегі филиалдары, олардың құрылымы мен даму бағыттарына қатысты сұрақтар қойды.

Кездесу мазмұнды диалог пен өзара қызығушылық жағдайында өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.