Шетелдік студенттер ҚазҰУ музейіне келді — ҚазҰУ

Шетелдік студенттер ҚазҰУ музейіне келді

22 қаңтар 2026
Шетелдік студенттер ҚазҰУ музейіне келді

Қырғызстан, Қытай, Ауғанстан және Үндістаннан келген шетелдік студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратындағы музейге  келді.Экскурсия барысында қатысушылар Қазақстан мен университет тарихына, ұлы ойшыл әл-Фараби мұрасына, «Алтын адам» құпиясына, сондай-ақ ҚазҰУ жетістіктері мен көрнекті ғалымдарына арналған экспозициялармен танысты.

Нобель сыйлығының лауреаттары мен ғылымның танымал тұлғаларының фотогалереялары ерекше қызығушылық тудырды.Музей Қазақстандағы жоғары білімнің даму кезеңдерін көрсетіп қана қоймай, жастарды отансүйгіштікке және ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады