Жапониядан келген студенттер «Қысқы мектеп» бағдарламасы аясында ҚазҰУ музейіне келді — ҚазҰУ

Жапониядан келген студенттер «Қысқы мектеп» бағдарламасы аясында ҚазҰУ музейіне келді

2 наурыз 2026
Жапониядан келген студенттер «Қысқы мектеп» бағдарламасы аясында ҚазҰУ музейіне келді

Бүгін «Қысқы мектеп» академиялық алмасу бағдарламасы аясында Жапониядан келген студенттер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне келді.

Қонақтар университеттің тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және мәдени мұрасымен танысты. Әсіресе Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуын көрсететін экспозициялар үлкен қызығушылық тудырды.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, халықаралық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.