ҚазҰУ музейінде ұлттық киімнің заманауи көрсетілімі өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ музейінде ұлттық киімнің заманауи көрсетілімі өтті

18 наурыз 2026
ҚазҰУ музейінде ұлттық киімнің заманауи көрсетілімі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық киімнің заманауи көрcетілімі. «Қазақы киім – ұлт мәдениетінің айнасы» атты шарада дәстүрлі мұра мен қазіргі сән үрдістерін үйлестірген ерекше образдар көпшілікке ұсынылды.

Көрме барысында келушілер ұлттық киім элементтерінің қазіргі дизайнда жаңа қырынан танылып, өзінің мәні мен мәдени құндылығын сақтай отырып жаңаша бейнеленетінін көре алды. Әрбір деталь арқылы халықтың тарихы мен болмысы айқын көрініс тапты

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде ұлттық киім тек мерекелік атрибут қана емес, жастардың күнделікті стилінің бір бөлігіне айналып келеді. Этно-стиль элементтерін күнделікті киімге енгізу — ұлттық кодты сақтаудың тиімді жолдарының бірі