V Халықаралық «Фараби» форумы аясында ҚазҰУ музейіне шетелдік ғалымдардың келуі
V Халықаралық «Фараби» форумы аясында ҚазҰУ музейіне Франция, Италия, Польша, Қытай, Түркия, Әзербайжан және Орталық Азия елдерінен ғалымдар келді.
Музей экспозициясы университеттің ғылыми-білім беру орталығы ретінде жүйелі дамуын көрсетіп, оның қалыптасу кезеңдерін, ғылыми бағыттарының эволюциясын және халықаралық академиялық кеңістікке интеграциясын таныстырды. Қонақтардың ерекше назарын ғылыми мектептердің қалыптасуы мен университеттің заманауи ғылымды дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі аударды.
Халықаралық ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық және әлемнің жетекші университеттерімен өзара іс-қимылға арналған бөлімдер үлкен қызығушылық тудырды. Ғалымдар ҚазҰУ-дың тұрақты ғылыми байланыстар орнатудағы және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибесінің маңызын атап өтті.

