Жаңа Конституция - жаңа буын: Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдерінің ҚазҰУ мұражайына келуі — ҚазҰУ

Жаңа Конституция - жаңа буын: Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдерінің ҚазҰУ мұражайына келуі

17 сәуір 2026
Жаңа Конституция - жаңа буын: Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдерінің ҚазҰУ мұражайына келуі

«Жаңа Конституция - жаңа буын» тренингі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері келді.

Экскурсия барысында қатысушылар университеттің тарихымен, оның ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ Қазақстандағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесімен танысты. Азаматтық сана, академиялық құндылықтар және жас мамандарды тәрбиелеудегі университеттің рөлі ерекше назарға алынды.

Мұражай экспозициялары қонақтардың қызығушылығын тудырып, адам құқықтарының қоғамдағы маңызы және құқықтық сауаттылықты арттырудағы білімнің рөлі туралы мазмұнды пікірталасқа негіз болды.