ҚазҰУ мұражайына Danacoid компаниясы мен Қытай медиаиндустриясы өкілдері келді — ҚазҰУ

ҚазҰУ мұражайына Danacoid компаниясы мен Қытай медиаиндустриясы өкілдері келді

21 сәуір 2026
ҚазҰУ мұражайына Danacoid компаниясы мен Қытай медиаиндустриясы өкілдері келді

ҚазҰУ тарих мұражайына Қытайдан келген делегация келді. Делегацияны Danacoid компаниясының жетекшісі Юань мырза және продюсер, медиаиндустрия өкілі Хоу Ли басқарды.

Сапар барысында қонақтар университеттің қалыптасу кезеңдерімен, ғылыми жетістіктерімен және ҚазҰУ-дың бай тарихи-мәдени мұрасын айқындайтын бірегей экспонаттармен танысты. Университеттің ғылым мен білімді дамытудағы рөлі ерекше қызығушылық тудырды.

Кездесу барысында цифрландыру, медиа саласының дамуы және инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қонақтар ғылыми мазмұнды заманауи медиа форматтар арқылы кең аудиторияға жеткізу мүмкіндігін жоғары бағалады.