Куба Республикасының Елшісі ҚазҰУ мұражайында болды
23 April 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапары аясында Куба Республикасының Елшісі Альфредо Фидель Ниевес Портуондо жұбайы Алина Ирен Кесада Родригеспен бірге ҚазҰУ мұражайында болды. Экскурсия барысында қонақтар университеттің тарихымен, жетістіктерімен, негізгі даму кезеңдерімен танысты. Сондай-ақ, оларға университеттің ғылыми және білім беру әлеуетін көрсететін экспозициялық көрмелерді тамашалады


