Құқық пен технология тоғысындағы диалог: Шанхай саяси-құқық университеті делегациясының ҚазҰУ мұражайына келуі — ҚазҰУ

Құқық пен технология тоғысындағы диалог: Шанхай саяси-құқық университеті делегациясының ҚазҰУ мұражайына келуі

28 сәуір 2026
Құқық пен технология тоғысындағы диалог: Шанхай саяси-құқық университеті делегациясының ҚазҰУ мұражайына келуі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайына Қытай Халық Республикасының Шанхай саяси-құқық университетінің делегациясы келді.

Экскурсия барысында қонақтар ҚазҰУ-дың Орталық Азиядағы жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасу тарихымен, заң саласындағы білім берудегі жетістіктерімен және халықаралық академиялық ынтымақтастықтағы рөлімен танысты. Университеттің даму кезеңдерін бейнелейтін архивтік материалдар мен ғылыми мектептердің жетістіктері ерекше қызығушылық тудырды.

Делегация университеттің инновациялық инфрақұрылымына, соның ішінде заманауи ғылыми-технологиялық кеңістік - Farabi Hub мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Қонақтар суперкомпьютерлік технологиялар, цифрлық шешімдер және пәнаралық зерттеулердің құқық, цифрландыру және деректерді талдау салаларындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін атап өтті.

Сапар өзара түсіністік пен ғылыми байланысты нығайтудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.