ҚазҰУ-дағы Ашық есік күні: болашаққа бағыт
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген мектеп, лицей және колледж оқушыларына арналған ауқымды Ашық есік күні өтті.
Іс-шараға №15, №145, №174 мектеп-гимназияларының, Республикалық «Абай» мектебінің, сондай-ақ №207, 210, 224, 143, 24, 185, 189, 198, 47, 26, 147 мектеп-лицейлерінің оқушылары қатысты. Сонымен қатар Талғар ауданының №2 мектебінің, Іле ауданындағы №44 орта мектептің оқушылары және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ колледж студенттері де белсенді қатысты.
Кампустур барысында талапкерлер университеттің оқу ғимараттарымен, факультеттерімен және ғылыми орталықтарымен танысты. Студенттік өмір, білім беру мүмкіндіктері және заманауи инфрақұрылым ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шараның басты мақсаты – талапкерлерге мамандықтарды таныстыру және кәсіби бағдар беру арқылы олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру.


