Цинхуа университетінің EMBA түлектерінің ҚазҰУ музейіне сапары — ҚазҰУ

Цинхуа университетінің EMBA түлектерінің ҚазҰУ музейіне сапары

4 мамыр 2026
Цинхуа университетінің EMBA түлектерінің ҚазҰУ музейіне сапары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне Цинхуа университеті EMBA бағдарламасының түлектері арнайы сапармен келді.

Сапар барысында қонақтар университеттің тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен және ғылым мен білім саласындағы жетістіктерімен танысты. Әсіресе, университеттің ел дамуына қосқан үлесін көрсететін экспозициялар мен білім, технология және халықаралық ынтымақтастықты біріктіретін заманауи жобалар ерекше қызығушылық тудырды.

Қонақтар университеттің академиялық деңгейіне жоғары баға беріп, жаһандық білім беру кеңістігіндегі университеттердің рөлі, көшбасшылық және даму бағыттары туралы пікір алмасты.