«Ерлікке тағзым – елге тағзым» мәдени іс-шарасы
8 мамыр 2026
Ұлы Жеңіс күніне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейі алаңында «Ерлікке тағзым – елге тағзым» атты мәдени іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі мен батырлығын дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және тарихи жадымызды сақтау.
Мерекелік бағдарлама барысында патриоттық әндер шырқалып, студенттердің әдеби-музыкалық композициялары ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар соғыс жылдарындағы тарихи деректермен танысып, батырлар рухына тағзым етті.
Іс-шара жастарға бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, ел тарихына деген құрметті арттыруға бағытталды.

