Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың ҚазҰУ музейіне сапары — ҚазҰУ

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың ҚазҰУ музейіне сапары

5 мамыр 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың ҚазҰУ музейіне сапары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев пен ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова келді.

Сапар барысында қонақтар университет қалашығының бүгінгі тыныс-тіршілігімен, ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктерімен және ақпараттық технологияларды дамыту бағытындағы жобаларымен танысты. Делегация университеттің цифрлық трансформация, инновациялық зерттеулер және заманауи білім беру жүйесін дамыту саласындағы бастамаларына ерекше қызығушылық танытты.

Қонақтар ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті мен халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне жоғары баға беріп, ғылым мен жоғары білім саласындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.

Кездесу ғылым, білім және технология саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.