Түркияның мемлекет және саяси қайраткері Бинәлі Йылдырым университет музейінде — ҚазҰУ

Түркияның мемлекет және саяси қайраткері Бинәлі Йылдырым университет музейінде

17 ақпан 2025
Түркияның мемлекет және саяси қайраткері Бинәлі Йылдырым университет музейінде

Түркияның саясатқа, экономикаға және білім беруді дамытуға елеулі ықпал еткен көрнекті қайраткері, экс-премьер-министрі Бинәлі Йылдырым ҚазҰУ ұжымына көшбасшылық дәріс оқыды.

ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, Бинәлі Йылдырым бастаған түрік делегациясы музей экспозицияларын тамашалады.