- Басты бет
- Мұражай
- Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ҚазҰУ тарихы мұражайында болды.
Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ҚазҰУ тарихы мұражайында болды.
21 ақпан 2025
2025 жылдың 20 ақпанында «7М04212 – Теңіз және энергетика құқығы» магистратурасының қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында білім алып жатқан Баку мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ҚазҰУ тарихы мұражайында болды. Экскурсия университетті оның бай тарихымен, дәстүрлерімен, жетістіктерімен және Қазақстан ғылымы мен білімінің дамуына қосқан үлесімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.


