Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне РФ Президентінің Шетелдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасының өкілдері арнайы келді — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне РФ Президентінің Шетелдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасының өкілдері арнайы келді

9 сәуір 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне РФ Президентінің Шетелдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасының өкілдері арнайы келді

Делегация құрамында басқарма басшысының орынбасары Антон Рыбаков, басқарма референті  Алексей Власов бар.

Құрметті қонақтарды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қарсы алып, оқу ордасының жетістіктерімен таныстырды. Алдымен Ресейден келген меймандар ҚазҰУ музейінде болып, университеттің тарихы туралы мәлімет алды.