Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейінде бірінші курс студенттеріне арналған экскурсия өтті — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейінде бірінші курс студенттеріне арналған экскурсия өтті

30 мамыр 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейінде  бірінші курс студенттеріне арналған экскурсия өтті

Химия және химиялық технологиялар факультетінің 1-курс студенттері кураторлық сағат аясында куратор - эдвайзерлерінің жетекшілігімен музей экспозицияларын тамашалады.

Факультет студенттері өздерінің білім алып жатқан оқу орнының тарихы мен мамандықтары туралы қосымша деректі мәліметтер алды.

Болашағы жарқын жас маман болуға талпынған студенттерге қилы кезеңге толы білім ордасының қалыптасуы мен бүгінгі жеткен жетістіктері қатты әсер қалдырды.