Халықаралық жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп қатысушылары университет музейін аралады — ҚазҰУ

Халықаралық жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп қатысушылары университет музейін аралады

2 маусым 2025
Халықаралық жасанды интеллект бойынша жазғы мектеп қатысушылары университет музейін аралады

Халықаралық Жазғы мектептің жасанды интеллект бағдарламасы Ақпараттық технологиялар факультетінің "Ақпараттық жүйелер" кафедрасы аясында өткізіліп, оған Бұхара мемлекеттік университетінің (Бұхара қ., Өзбекстан Республикасы), Қырғыз-Герман қолданбалы информатика институтының (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты.