ТДМ №17: "Қаржылық тәртіп және әдеттер" — ҚазҰУ

ТДМ №17: "Қаржылық тәртіп және әдеттер"

27 ақпан 2026
ТДМ №17: "Қаржылық тәртіп және әдеттер"

ТДМ №17: «Қаржылық тәртіп және әдеттер»
Өткізілген күні: 27.02.2026 ж.
Ұйымдастырушы: «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының кураторы Сағынай Мөлдір және 2-курс студенттері

Кураторлық сағат барысында студенттер қаржылық сауаттылықтың мәні мен оның күнделікті өмірдегі рөлі туралы мағлұмат алды. Қаржыны тиімді басқару, табысты дұрыс бөлу және артық шығынды азайту жолдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Студенттер топтық жұмыстарға белсенді қатысып, жеке және отбасылық бюджет үлгілерін құрастырды, табыс пен шығынды тиімді бөлуді талдады. Сонымен қатар қаржылық мақсаттарға жету жоспарларын жасап, үнемдеу тәсілдерін ұсынды. Депозит пен инвестицияның айырмашылығы да талқыланып, әр топ өз постерін қорғады.

Рефлексия барысында студенттер «Мен қаржылық тәртіпті қалай қалыптастырамын?» деген сұраққа жауап беріп, өз жоспарларымен бөлісті.

Қорытындылай келе, студенттер қаржылық сауаттылықтың маңызын түсініп, қаржыны тиімді басқару, жоспарлау және жауапкершілік дағдыларын дамытуға қадам жасады.