«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурс жариялайды.
1. Нысан туралы мәліметтер
- Нысан атауы: Д.Баландин атындағы жүзу бассейні бар спорттық-дене шынықтыру кешені
- Нысанның орналасқан жері: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71/30
- Нысанның баланстық құны: 1 064 675 345,05 теңге
- Сенімгерлік басқару мерзімі: 10 жыл
- Мақсатты арналуы және пайдалану шарттары:
Нысанды бейіндік мақсатын сақтай отырып, оны спорттық-сауықтыру кешені ретінде қалпына келтіру, реконструкциялау, жаңғырту және одан әрі пайдалану. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ білім алушылары мен қызметкерлері үшін фитнес-сауықтыру аймақтарын құру және пайдалану, оқу, жаттығу және дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткізу, сондай-ақ спорттық-сауықтыру және өзге де ілеспе қызметтер көрсету. Сенімгерлік басқарушы объектінің нысаналы мақсатын өзгертпей және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, меншікті және/немесе тартылған қаражат есебінен объектіні қалпына келтіруге және жаңғыртуға қажетті инвестицияларды жүзеге асырады.
2. Конкурс шарттары және жеңімпазды айқындау өлшемдері
- Инвестициялық салым мөлшері: 645 398 000 теңге / конкурстық ұсынысқа сәйкес
- Сенімгерлік басқарушы сыйақысының шекті мөлшері — сенімгерлік басқарудан түскен таза кірістің 50% аспайды.
- Сыйақының ең аз мөлшерін ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
- Ұсыныстар тең болған жағдайда, объектіге инвестициялар бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған қатысушы артықшылыққа ие болады.
- Инвестициялық жағдайлар тең болған кезде өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
- Объектіні беру кейіннен сатып алу құқығынсыз жүзеге асырылады және меншік құқығының ауысуына әкеп соқпайды.
3. Конкурс өткізілетін күн мен уақыт
- Күні: 9 қазан 2026
- Уақыты: 11:00
- Орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Ректорат, 8-қабат, 805 кабинет
4. Өтінім беру мерзімі мен тәртібі
Өтінімдерді қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және конкурс басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Конкурсқа қатысуға өтінім мына мекенжай бойынша қағаз жеткізгіште ұсынылуы тиіс:
- Мекенжай: Әл-Фараби даңғылы, 71, Ректорат ғимараты
- Кабинет: 208
- Телефон: 8 702 325 54 27
- Өтінім қабылдаудың аяқталуы: 9 қазан 2026, 09:00
5. Кепілдік жарна
- Кепілдік жарнаның мөлшері: 31 940 260,35 теңге
- Алушы: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71
- БСН: 990140001154
- ЖСК: KZ156010131000194743
- БСК: HSBKKZKX
- Банк: АО «Народный Банк Казахстана»
- Кбе: 16
- Төлем тағайындау коды: 171
6. Сенімгерлік басқарушы сыйақысының шекті мөлшері
Сенімгерлік басқарушы сыйақысының шекті мөлшері — сенімгерлік басқарудан түскен таза кірістің 50% аспайды.